2016 жылғы 30 мамыр , Астана қаласы
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6283 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 қарашадағы № 310-311 (26371-26372) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы»;
-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар уәкілетті органның өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салулары негізінде, ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты беру тәртібін регламенттейді.»;
3, 4 және 5 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган;
2) электронды сандық қолтаңба – электронды сандық қолтаңба құралдары арқылы құрылған және электронды құжаттың нақтылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгертілмейтіндігін растайтын электронды сандық символдардың жиынтығы.
4. Мемлекеттік органдар уәкілетті органның ведомствосына ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беруге біржолғы сұрау салуларды (бұдан әрі – ресми сұрау салулар) жолдайды.
5. Ресми сұрау салулар және оларға жауаптар қағаз жеткізгіште немесе электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда электронды түрде берілуі және:
1) почталық байланыс;
2) курьерлік жеткізілім;
3) электронды құжатайналымының бірыңғай жүйесі жеткізілуі мүмкін.»;
7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ресми сұрау салулар түскен күні құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тіркейді және жетекшілік ететін мәселелеріне сәйкес уәкілетті органның ведомствосы басшылығына (бұдан әрі – басшы) қарауға береді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«8. Басшы ресми сұрау салуларға жауап дайындау және статистикалық ақпаратты беруге жауапты құрылымдық бөлімшені (бұдан әрі – жауапты бөлімше) анықтайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ресми сұрау салуларға жауапты қалыптастыру процесінде жауапты бөлімше қажетті ақпаратты ведомстволық бағынысты ұйымнан қызметінің мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық деректер қорын қалыптастыру және жүргізу болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) сұратады және алады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«3. Мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салулар бойынша статистикалық ақпаратты беруден бас тарту»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«13. Ресми сұрау салуларға сәйкес статистикалық ақпаратты беруден бас тарту:
1) сұрау салу бойынша сұрау салынған статистикалық ақпаратты біркелкі анықтау мүмкін болмаған;
2) талап етілетін статистикалық ақпарат мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын мәліметтерді есептеу негізінде жиналмаған және алу мүмкін болмаған;
3) сұратылған статистикалық ақпарат құпия болып табылған жағдайларда рәсімделеді.»;
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Егер ресми сұрау салулар сұратылатын статистикалық көрсеткіштердің құрамын біржақты айқындауға мүмкіндік бермеген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы талап етілетін мәліметтерді телефон арқылы нақтылайды. Бұл мәселені телефон арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы, мемлекеттік органның кейін қарау үшін ресми сұрау салуларды қайта енгізу туралы ескертпесімен, бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде бас тартады.
15. Қарастыру үшін ведомстволық бағынысты ұйымнан ақпарат алуды талап етпейтін ресми сұрау салулар он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
16. Қарастыру үшін ведомстволық бағынысты ұйымнан ақпарат алуды талап ететін ресми сұрау салулар отыз күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай–ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ.БИШІМБАЕВ
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13838 болып енгізілді.